2018 жылдың 5 сәуірі күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы КММ ұйымдастыруымен қалалық ғылыми-ә

дістемелік орталығы және «Жас Отан» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен  «Мектеп аруы 2018» атты қалалық байқау ұйымдастырылды, қыз  бала ардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық  қабілетін  арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты оқушылар  бойына  дарыта  отырып  дамыту.

Ұйымдастырылып отырған байқау ұлттық  сана-сезімге, әдемілік пен  әсемдікке  тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Осы аталған шараға  Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы КММ басшысы Г.Кабиева, Ақтөбе

облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы А. Наренова, Ақтөбе қаласының маслихат депутаты А.Өтегенов, «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасының орынбасары М.Мустафин, сайыстың әділ қазылар төрайымы «Асыл Қазына» берндінің авторы, сәнгер, дизаинер М.Дуйсенбаева, «Мегастарс» би және сән ансабілі жетекшісі М.Муратова,  «Подиум» модельдік агентігінің басшысы А.Зелединова, «Юневерсити» модельдік агентігінің басшысы Г.Суниятова, «Самғау» республикалық ғылыми-әдістемелік  журналының бас редакторы Ш.Сатенова қазылық жасады.

Байқау қортындысы бойынша Бас  жүлдені Ақтөбе қалалық №32 МГ 10 сынып оқушысы Амангелдиева Лаура «Мектеп Аруы 2018» жеңіпазы аталды, 1 орынды Ақтөбе қалалық №38 ОМ 10 сынып оқушысы Имағалиева Лунара, 2 орынды Ақтөбе қалалық №25 ОМ 10 сынып оқушысы Наурызгалиева Айбану, 3 орынды Ақтөбе қалалық №14 ОМ 10 сынып оқушысы Жалмухамбетова Асем иеленді. Қалған қатысушыларға номинцаиялар табысталып демеушілір тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.